Тауар сапасына көңілі толмаған тұтынушыларға 777 млн теңге қайтарылды
Елде тұтынушылар тарапынан түсетін шағым жыл өткен сайын артып келеді. Олардың құқығын қорғайтын комитетке былтыр 50 мың өтініш түскен. Ал биыл жарты жылда 25 мың өтініш түскен. Оның 10 мыңы қаралып, 777 млн теңге қайтарылған.
Маржан Аманжолова жарты жыл бұрын әлеуметтік желіден жаттығу залының жарнамасын көреді. Бірден бір жылдық абонемент сатып алады. Ол кезде фитнес залда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Қызметкерлері орталық жұмысы әне-міне басталады деп, уақыт созады. Бірнеше ай өтсе де, фитнес зал есігін ашпайды. Шикілік барын сезген Маржан дереу оларға шағымданады. Алайда қызметкерлері ақша қайтарылмайды деп, ат-тонын ала қашады. Амалы қалмаған Маржан бірден тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне жүгініп, ақысын қайтарып алады.
Маржан Аманжолова, қала тұрғыны:
– Мамандары маған құқықтық көмек көрсетті. Және наразылық хатын жазу керектігін түсіндіріп айтты. Наразылық хатты сол фитнес клуб басшыларына берген болатынмын. Ол кісілер жауап бермеді. Сосын барлық материалдарды Е-өтініш арқылы департаментке жолдадым. Яғни менің наразылық хатымды, бірге бекіткен келісім шартты, ақшамды кері қайтармай жақтанын.

