Timbaland, Шерзингер, Busta Rhymes – биыл 5 ірі концерт өтеді

Timbaland, Шерзингер, Busta Rhymes – биыл 5 ірі концерт өтеді

Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс - бұл биыл Қазақстанға келіп, концерт қояды деп күтіліп отырған әлемдік жұлдыздардың бір легі. Үкімет туризмнен түсетін табысты еселеудің бір жолы ретінде осы бағытты қарастыруда. Ол үшін арнайы жол картасы әзірленбек. Жалпы ел имиджін көтеру үшін 55 мәдени шара жоспарланған. Оның қатырында үлкен шоу-концерттер бар. Бұдан бөлек, Азия мен Таяу Шығыста, Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапур қалаларында 10 роуд-шоу өткізіледі. 

Талғат Ғазизов, «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы:

- Осының аясында туристік өнімдердің географиясы мен түрлері айтарлықтай кеңейді. Бүгінде ТМД, Еуропа және Азияның 18 ірі онлайн-платформасында Қазақстан бойынша 1100-ден астам тур ұсынылуда. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе өсім. Биыл өңірлерге басымдық бере отырып, турлар санын одан ары арттыру міндеті қойылып отыр.