Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Батыс Қазақстан облысының тасқын судан зардап шеккен ауылдары мен кенттерінде баспана құрылысы баяу жүріп жатыр. Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен осы аймаққа арнайы барды. Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарымен танысты. Үйлердің сапасына қатысты сын көптігін айтты.
Батыс
Қазақстан облысында 400-ге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Құрылысшылар алдында
күз келмей, күллі жұмысты бітіру міндеті тұр. Тұрғындардың қоныстануына ыңғайлы
болуы үшін инфрақұрылым да дайын болуы тиіс. Теректі ауданындағы Подстепное
ауылында 3 бөлмелі 106 үй, ал Деркөл
кентінде 103 баспана құрылысы басталып кеткен.

