Үкімет Риддер қаласындағы жылу жүйесін жаңартуға 1,8 млрд теңге бөледі
Үкімет
Риддер қаласындағы жылу жүйесін жаңартуға 1,8 млрд теңге бөлмек. Тиісті қаулыға
Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат тозығы жеткен 12 жылу желісін
жөндеуге және жылу электр орталығындағы екі қазандықты қалпына келтіруге
жұмсалады. Мамандардың айтуынша, бұл қала тұрғындарын тұрақты жылумен
қамтамасыз етуге және алдағы жылыту маусымында апаттық жағдайлардың алдын алуға
мүмкіндік береді.

