Үкіметте өңдеу өнеркәсіп дамуы қаралды

Үкіметте өңдеу өнеркәсіп дамуы қаралды

Қазақстанда машина жасау саласы тұрақты өсім көрсетуде. Жыл басынан бері еліміздегі бұл өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері бірден 28%-ке артқан. Сонымен қатар елімізде жаңа автомобиль өндіріс орындары  белсенді түрде іске қосылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрі мәлімдеді. Қанат Шарлапаев 2023 жылдың соңына дейін іске қосылуы жоспарланған негізгі жобаларға тоқталды. Соның бірі Қостанай облысында жылына 30 мың данаға дейін жаңа көлік үлгілері шығарылатын болады. Сондай-ақ желтоқсан айында арнайы кокс шығаратын заманауи зауытты іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорынның қуаттылығы 400 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек министр арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда орналасқан жобаларды жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі :
-Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақтарда екі де сегіз трлн теңге сомасына үш жүз жиырма бес жоба  жиырма төрт мың тұрақты жұмыс орнын құра отыры, іске асырылды. Индустриялық аймақтардың аумағында шамамен тоғыз жүз  млрд теңге сомаға екі жүз жиырма алты жоба іске қосылды. Бұдан басқа, қосымша үш жүз қырық алты жоба іске асыру сатысында.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қазақстанда «Шағын өнеркәсіптік аймақтар» жобасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жоба аясында кәсіпкерлерге дайын өндірістік үй-жайларды салуға жеңілдетілген несиелер беріледі. Аталған құрылыстар еліміздің барлық өңірлерінде салынатын болады, онда тек өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілері ғана орналасады. Үкімет басшысының айтуынша, бұл сала кез келген мемлекет үшін өнеркәсіптің негізгі дамуы.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-
Биылғы 8 айдың қорытындысы бойыншабұл саладағы өндірістің өсуі  4%-тен асты. Негізгі капиталға салынған инвестиция шамамен 810 млрд теңгені құрады . Өңдеу саласында  ең жоғары үлес  металлургия өнеркәсібіне,  машина жасау және азық-түлік өндірісіне тиесілі болып отыр. Индустрияландыру картасы аясында биыл тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда  және басқа салаларда 170 жобаны іске қосу жоспарланған.