Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстанда базалық мөлшерлеме +/– 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14,75% дейін төмендеді.


Бұндай шешім ақша-кредит саясаты комитетінің отырысында қабылданды. Ұлттық қаржы құрылымының мәлімдеуінше, бұған жыл басынан бері  жылдық инфляция қарқынының төмендеуі және соңғы үш ай қатарынан оның деңгейі баяулауын жалғастыруы оң әсерін тигізген.

Сонымен қатар, еліміздің қаржылық реттеушісі алдағы шешімдерді қабылдау кезінде базалық мөлшерлеме қазіргі деңгейде қалуы ықтимал екенін жеткізді.

Кезекті жоспарлы шешімі 12 сәуірде жарияланады.