Жамбыл облысы: 16 ірі инвестициялық жоба іске қосылды
Ал, Жамбыл облысында балық шаруашылығы кластері құрылды. Өңірдегі 5 шаруа
қожалыққа су үнемдеу технологиялары енгізілді. Мақсары майы өндірісінің өрісі
кеңейді. Алғаш рет алма шырынын шығаратын «Рич голд» кәсіпорны ашылды.
«Алель-Агро» акционерлік қоғамы өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдің
агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған осындай 16 инвестициялық жобасы
жүзеге асып жатыр. Жалпы құны 14,6 млрд. теңге. Соның арқасында 163 жұмыс орны
ашылды.

