Ұлттық құрылтай - тағдыршешті алаңға айналды
Ұлттық құрылтайда көтеріліп, шешімін тапқан мәселе көп. Мәселен, енді бірқатар орден батырлардың атымен аталады. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігі еленбей қалған көптеген ардагерді анықтау бағытында үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің тағдыры туралы 56 том еңбек жарық көрді. Оның 6 томы майдан шебінде болған әйелдерге арналған.

