Ұлттық музейде Калимов-Қастеевтер отбасының жеке көрмесі ашылды

Ұлттық музейде Калимов-Қастеевтер отбасының жеке көрмесі ашылды

«Уақыттың шынайы сабақтастығы». Еліміздің Ұлттық музейінде суретші Дария Калимова-Қастееваның көрмесі ашылды. Жас қылқалам шеберінің шығармашылық еңбектерінің топтамасы ұсынылған шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Негізінен қолданбалы қолөнер бұйымдары қойылған, денін гобелендер құрайды.

Дария Калимова-Қастеева, суретші:

- Көбіне майлы бояулармен кенепке түрлі сурет саламын. Бұл – болашақ гобеленнің дайындамалары. Оны жасау ұзақ уақытты алады, айлар кетеді. Маған мұндай жұмыс өте ұнайды.

Көрмеден Дарияның әкесі, атақты қазақстандық суретші Мұхит Калимовтың жұмыстарын да тамашалауға болады. Ол – портреттің сөзсіз шебері. Қазақтың атақты тұлғаларын бейнелейтін тарихи тақырыптарға үлкен мән бере білген. Бұдан өзге шебер жұмысының ерекшеліктеріне жұмсақ түстерді ұтқыр сабақтастыра білуі жатады. Көрме қыркүйек айының соңына дейін жұмыс істейді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов