Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ жаңашылдықтарды жариялады

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ жаңашылдықтарды жариялады

Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудегі жаңашылдықтарды жариялады. Сонымен, түлектердің өтініштерін ескере отырып, биыл грантқа үміткерлерге екі рет сынақ тапсыру мүмкіндігі берілді. Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндікте бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады.  «Құқық» білім саласы бойынша шекті балл өзгерді және ол 75 балды құрады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут берілді. ҰБТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл талапкерлерге әр пәнді меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.