Жастарға арналған «Jas Stars» атты ауқымды концерт өтті

Жастарға арналған «Jas Stars» атты ауқымды концерт өтті

Алматы қаласында «Жасанды интеллект жылы» аясында «Jas Stars» атты ауқымды жастар концерті өтті. Іс-шараға 5000-нан астам адам қатысып, алдағы республикалық референдумды қолдауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды білдіру алаңына айналды. Концертке қала жастары, қоғамдық белсенділер мен тұрғындар қатысты. Бағдарлама барысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығын түсіндіруге және 15 наурызда өтетін референдумға азаматтардың қатысуының мәніне ерекше назар аударылды. Спикерлер азаматтық жауапкершілік танытып, дауыс беруге қатысу әрбір қазақстандықтың елдің одан әрі дамуына қосатын маңызды үлесі екенін атап өтті.


Мына мыңдаған аудиторияны жинап, әуелетіп әндеткен жастардың дауысы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінен шығып жатыр.  Бұл алаңда оларға арналып  «Jas Stars» атты ауқымды концерт өткізілді.


Дидарбек Ділдәбек, Алматы қаласы Jastar Ruhy төрағасы:


- Осыдан жарты ай бұрын Жалпыұлттық коалицияның мүшелері өз жұмысын бастаған болатын. Балуан Шолақ атындағы кешенде әртүрлі форматтағы шаралардың жалғасы ретінде концерт өтіп жатыр. Жастарға негізгі мақсатымыз Конституцияның маңызын түсіндіру. Жастарымыз көп жиналды.

Бүгінгі кеште Muzart Life, Луина, Мирас Жүгінісов сияқты жастар сүйіп тыңдайтын эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Сондай-ақ роботтар шоуы да ұйымдастырылған. Олар сахнада би билеп, көрермендердің қызығушылығын арттырды.