Ұлы сапар

Жер бетінің қай түкпірінде болмасын мұсылмандардың жүректері Қасиетті Қағбаға қарай соғып тұрады. Бұл ғибадат сапары – Жаратқанның сүйікті құлдарына деген сыйы. Сондықтан да қажылық парызын өтеуге келген әрбір мұсылман Алла Тағаланың қонағы болып есептеледі.