Ұлыбританияда маймыл шешегінің тағы 77 жағдайы анықталды

Ұлыбританияда маймыл шешегінің тағы 77 жағдайы анықталды

Ұлыбританияда маймыл шешегінің тағы 77 жағдайы анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 302-ге жетті. Елдің денсаулық қауіпсіздігі агенттігі аурудың белгілерін байқаған кез келген адам медициналық көмекке жүгінуі керек деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірнеше эндемиялық емес елдерде маймыл шешегінің күтпеген жерден пайда болуы ол елдерде бұған дейін індет шығып, бірақ уақытында анықталмағанын түсіндірді. Салдарынан  маймыл шешегінің таралу ауқымы мен дерегі көбеюде дейді сарапшылар.   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда әлемнің 27 мемлекетінде маймыл шешегінің сегіз жүзге жуық жағдайы расталды.