Ұялы байланыс операторлары 13,8 млн теңге айыппұл арқалады
Батыс Қазақстан облысында ұялы байланыс операторларына 14
млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Жалпы, аймақта 405 елді мекен болса, соның
355-і интернетті пайдаланады. 376 ауылда дыбыстық қоңыраулар үшін ұялы байланыс
қолжетімді. Былтыр 23 елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатылған. «Қолжетімді
интернет» ұлттық жобасы аясында күре жолдардың бойында байланысты қамтамасыз
ету, 5G стандартын ілгерілету бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау да күн тәртібінен түспейді.

