Ұзақ уақыт комада болған науқастарға жәрдемақы беріледі

Ұзақ уақыт комада болған науқастарға жәрдемақы беріледі

Енді ұзақ уақыт комада жатқан науқастардың мемлекеттен жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін оның заңды өкілі Үкіметке өтініш жасап, дәрігерлердің шешімімен мүгедектік жөніндегі құжаттарды рәсімдеуі тиіс. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов фейсбуктегі парақшасында осындай заңның қаралып жатқанын жазды. Ол келтірген дәйекке қарағанда, айлап комада жатқан адамдар өз еркін білдіре алмайды, сәйкесінше өтініш жазып, құжатқа қолтаңбасын қоюға қауқарсыз. Соның кесірінен бұл санаттағы науқастар қажетті әлеуметтік және медициналық көмектен қағылып келген. Бірақ ендігі заң оның атынан заңды өкілдің барлық рәсімді жүргізуіне жағдай жасайды. Мәжілісмен «Бұл — ең бірінші адамгершілік мәселесі», — дейді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Айлап комада жатқан адамдар бар. Олар өз еркін білдіре алмайды, өтініш жаза да, қол қоя да алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке өтінішсіз мүгедектікті рәсімдеу, кейін жәрдемақы мен ТСР алу мүмкін емес. Біз бұл жағдайды қазір өзгертіп жатырмыз. Түзету бердік.