Қазақстан астанасында Рим Папасы месса өткізеді

Қазақстан астанасында Рим Папасы месса өткізеді

Рим Папасы Нұр-Сұлтанда католиктердің діни рәсімін жасайды. Месса 14 қыркүйекте ЭКСПО халықаралық көрме орталығында өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін 1 қыркүйекте ашылатын алдын ала тіркеуден өтіп, тегін билет алу қажет. Айта кетейік, Рим-католик шіркеуінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі аясында Қазақстанға келеді. Шара 13-15 қыркүйек аралығында өтеді.