Үздік дәрігерлер «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағымен марапатталды
Биыл Мемлекет басшысының жарлығымен алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы өз иелеріне табысталды. Бұл марапатқа «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры Абай Байгенжин, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы Вадим Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Борис Цхай ие болды.
Абай Байгенжин, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры:
– Қазақстанда алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағын белгілеген Президент. Соны Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан алдым. Жалпы қазір денсаулық сақтау саласы жақсы еңбек етіп жатыр. Қазақстанның еңбек адамдарын құрметтеп, марапаттағандарына мың да бір алғыс.

