Зейнетақы жинағын тіс еміне жұмсауға тыйым салынады

Зейнетақы жинағын тіс еміне жұмсауға тыйым салынады

Зейнетақы жинағын тіске жұмсауға енді мүлде тыйым салынуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі осындай құжатты қоғам талқысына шығарды. Демек, протездеу мен имплаттау секілді қымбат стомотологиялық қызметтерге енді зейнетақы қаражатын пайдалануға болмайды. Өйткені министрлік өкілдері талдау жүргізген. Соңғы төрт жылда тіс емдеуге 26 мың өтінім түскен. Оған зейнетақы қорынан 757 млрд теңге аударылған. Соның 200 млрдын ат төбеліндей 20 стоматологиялық клиника алған. Министрлік олардың  алаяқтық схемаларға қатысы болуы мүмкін дейді.