Жамбыл облысында 100 жаңа тұрғын үй салынды

Баспаналы болғандар арасында жамбылдықтар көп. Өңірде 100-ден аса жаңа тұрғын үй бой көтерген. Сол үшін бөлінген 40,8 миллиард теңге толық игерілді дейді өңір басшысы. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңын келген Ербол Қарашөкеев өзі басқаратын аймақтың жаңа кейіпке еніп келе жатқанын айтады.


Тараздың экономикасы мен демографиясы да қатар өсіп келеді. Сондықтан шаһар екі әкімшілік ауданға бөлінетін болды. Оған іргелес жатқан 14 ауыл қосылады. Осылайша қала аумағы 13 мың гектарға ұлғаймақ. Яғни, көне шаһарда жаңа құрылыстар қарқын алады деген сөз. Сол арқылы жұмыссыз жүрген мыңдаған тұрғын екі қолға бір күрек табады. Ал, инвестиция құюға ниеттілер қазірден кезекте тұр екен.