Жамбыл Жабаевтың 10 томдық шығармалар жинағы ұсынылды

Жамбыл Жабаевтың 10 томдық шығармалар жинағы ұсынылды

Өткен ғасырдың басынан өмірінің соңына дейін жазылған Жамбыл Жабаевтың барлық өлеңдері, айтыстары мен әндері бірнеше томдық болып жиналып, мемлекеттік тапсырыспен шығарылды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жинаққа ғалымдардың ғылыми еңбектері, атақты ақынның шығармашылығы туралы ақын-жазушылардың естеліктері де енгізілген.

Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың өзінің құдіретті әрі өмірді растайтын шығармаларымен халқымыздың рухани мұрасында өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Бұл 10 томдық жинақ – ұлы ақынның шығармашылық мұрасының алғашқы толық басылымы. Сонымен қатар жинақта оның өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми зерттеулер енгізілген.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Мен бүгін ұсынылған Жамбыл Жабаевтың көп томдық шығармалар жинағы Жамбылтануға қосылған үлкен үлес және халқымыздың рухани қазынасын байытатын іргелі жұмыс деп есептеймін.