Жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарына қатысты сарапшы пікірі

Мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, ұлттық кірістерді халыққа әділ бөлу. Мұның барлығы қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жолындағы нақты қадамдар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарына қатысты Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары баға берді.

Арман Тоқтышақов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Жолдауда айқын көрсетілген экономикалық реформалар жүйелі сипатқа ие. Бұл салық реформасы, бюджет реформасы, басқа да бірқатар бағыттар. Шын мәнінде осы реформаларды іске асыру арқылы біз инфляция, азық-түлік бағасының өсуі, жалақының төмендігі, дамымай қалған өндіріс саласы, өнеркәсіп сияқты халықтың ең өзекті экономикалық мәселелерін шешетін боламыз. Бұл реформалар аталған міндеттерді шешу жолында жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша мемлекет басшысы өз жолдауында бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлді.

Арман Тоқтышақов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Біріншіден, Президент бизнесті қолдау қажет деген нақты талап қойды. Екіншіден, осы салада әділ жұмыс жүргізу керектігін айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы бағаны реттеу бөлігінде үкімет біртіндеп мемлекеттік реттеуден бас тартатын саясат жүретінін атады. Бұл бизнес иелері  үшін өте жақсы мүмкіндік болмақ. Осылайша, олар нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қаматамасыз ету бағытында сапалы экономикалық саясат жүргізе алмақ.