Жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі жоспар бекітілді
Конституция мәтінін басып шығару және тарату мүгедектігі бар адамдар үшін
бейімделген форматта әзірленіп, электронды платформаларда орналастырылады.
Бүгін Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
бекіткенін хабарлады. Оған сәйкес, оқыту семинарлары мен білім беру
іс-шараларын өткізу тетігі өзгеріп, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп»
курстары жаңадан әзірленбек. Сондай-ақ, елдегі мектеп және жоғары оқу
орындарындағы білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңарады. Ғылыми-сараптамалық
қамтамасыз ету, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын
жүзеге асыру бойынша іс-шаралар да жоспарланған. Бұл жұмыстардың барлығы
ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияның
орындалуын құқықтық қамтамасыз ету сынды үш бағыт бойынша іске асырылады. Яғни,
36 іс-шараны қамтиды.

