Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы 4,1 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы 4,1 млрд долларға жетті

2023 жылдың 11 айында Қазақстан мен Өзбекстанның  арасындағы тауарайналым 4 млрд доллардан астамға жетті. Естеріңізге сала кетейік, тараптар алдында өзара сауданы АҚШ валютасында 10 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Мақсатқа жету үшін екі ел өзара серіктестікті кеңейту туралы хаттамаға қол қойды. Бұдан басқа, алыс-берістің өсуін көздейтін Жол карталары да сәтті жұмыс істеп келеді. Ал 2023 жылдың мамыр айында қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер Ташкентте сауда миссиясын өткізді. Еліміздің бейінді ведомствосының мәліметінше, онда Өзбекстанға құрылыс материалдарын, кондитерлік және сүт өнімдерін, сондай-ақ 44 млн долларға IT қызметтерін жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойылды. Ал отандық өнімдерді көрші республика нарығына экспорттауды одан әрі  арттыру мақсатында бір ай бұрын, желтоқсанда екі елдің мемлекеттік шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы индустриялық аймағы құрылды.