Жаңа мектептер пайдалануға беріледі
Алматыда жаңа оқу жылында бірнеше «Жайлы мектеп»
ашылады. Соның бірі №97 мектеп-гимназиясы. Бұрын апатты жағдайда болған.
Ғимарат толығымен күреліп, қайта тұрғызылған. Оқу ордасында 1 мыңға жуық бала
білім алатын болады. Үкімет басшысы Халықаралық білім беру корпорациясының
жұмысымен де танысты. Оның құрамында бірнеше оқу орны бар. Ғылыми-өндірістік
кешен тікелей 250-ден астам отандық және шетелдік компаниямен жұмыс істейді.
Бұл түлектерге кәсіпорындар талап ететін
дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Қазір мұнда тағы 480 орынға арналған
жаңа заманауи мектеп, сондай-ақ 345 орынды жатақхана салынып жатыр.

