Жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға өсті
|
Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады? Биыл бұл
санаттағы жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға өскен. 2025 жылдың басынан бері
көпбалалы және награда алатын аналар үшін жалпы сомасы 354 млрд теңгеден
астам мемлекеттік жәрдемақы төленіпті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің мәліметінше, көмекті 856 мыңнан астам отбасы алған. Тек шілде
айының өзінде 49,7 млрд теңгеге төлем жасалыпты. Оның ішінде: 601 мың
көпбалалы отбасы - орта есеппен 43 млрд теңге, наградталған 244 мың анаға -
6,6 млрд теңге берілген. Төрт және одан да көп баласы бар отбасылар қазір
айына 63 мыңнан 110 мың теңгеге дейін жәрдемақы алады. Ал «Алтын алқа» мен
«Күміс алқа» иегерлері - әр айда 25 мыңнан 29 мың теңгеге дейін мемлекеттік
қолдауға ие. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға жыл басынан бері 285
миллиард теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетілді. |

