Жасанды интеллект заңмен реттеледі
Қазақстан кейбір жасанды интеллект жүйелеріне заңмен тыйым салмақшы. мәжіліс оған мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап жіберді. Өйткені, онда қауіпсіздік мәселесі басты назарда. Әйтпесе, қазір оқушының өзі ChatGPT-ге жатып алғаны сонша, үй тапсырмасын өз бетімен орындауды қойған. Дегенмен, жасынды интеллектінің бізде енді дамып келе жатқанын да ескерген жөн дейтіндер де бар. Өгізді өлтірмей, арбаны да сындырмай жаңа заманның трендіне қалай ілескен дұрыс?

