Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта қаралады

Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта қаралады

Қазақстан үкіметі Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарайды. Ұсыныстар Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды. Жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның ішінде 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр. Бұл ретте активтерді баланстық құннан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр. Сондай-ақ, Жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беруі экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылды. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO арқылы нарыққа шығару жоспарланған.