Жемқорлықты әшкерелегендерге сыйақы берілді

Жемқорлықты әшкерелегендерге сыйақы берілді

Жемқорлықты әшкерелеген 61 азаматқа 24 миллион теңгеден астам сыйақы берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, өткен жылы пара алған 895 адамның заңсыз әрекеті әшкереленіп, тоқтатылған. Аталған деректер бойынша 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы тергеліп аяқталған. Ал 860 қылмыстық іс сотқа жолданған. Фактілердің басым бөлігі бюджет қаражатын жымқырумен байланысты болған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет бюджетіне 16,1 миллиард теңге қайтарылды. Айта кетейік, Президенттің «Түркістан» газетіне берген сұхбатында жемқорлықпен күресуге жауапты мекеменің басшыларына науқаншылдыққа салынбай, байыпты шешімдер қабылдау қажеттігін айтқан болатын.