Жол жөндеудің жаңа технологиясы енгізіледі
Енді шалғай өңірлерде автомобиль жолы қиыршық тастан салынады. Көлік министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, бұған дейін көлік қозғалысы көп емес елді мекендерде жол асфальт-бетоннан құйылып келіпті. Бірақ жаңа ережеге сәйкес, бұл тиімсіз тәсіл деп қабылданған. Сондықтан енді оның орнына тас пайдаланылуы тиіс. Яғни, топырақты тұрақтандыру технологиялары қолданылмақ. Бұл бір жағынан жол сапасын жақсартса, екінші жағынан жөндеу жұмыстарының шығынын 20–40 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік бермек. Мамандардың сөзіне қарағанда, жаңа нормалар бюджет қаражатын тиімді жұмсауға және шалғай ауылдардың жолын ұзақ пайдалануға жағдай жасайды. Жаңа талаптар бекітілсе, он күн ішінде күшіне енбек.

