Жолдау жұмысшыларға серпін берді

Жолдау жұмысшыларға серпін берді

Еліміздегі алғашқы, әрі жалғыз жер асты метросында қазір 2 мыңға жуық жұмысшы жұмыс істейді. Жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізу сол қарапайым қызметкерлерге жүктелген. Олар кешегі Жолдауда келер жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанын естіп бір серпіліп қалған.

Азамат Ділдебаев қарапайым жұмысшылар отбасында өскен. Еңбек жолын Алматы метросында машинисттің көмекшісі болып бастаған. Жолдау жүктеген міндеттен кейін қоғамда қарапайым жұмысшылардың мәртебесі қазіргіден де арта түсеріне сенімді.