Жұмыссыз қалған 331 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды

Жұмыссыз қалған 331 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды

Жұмыссыз қалған 331 мың адамға әлеуметтік төлем берілді. Оның 290 мыңға жуығы көмекті алғаш рет алып отыр. Қаржылай қолдаудың жалпы соммасы 118 млрд теңгеден асады. Заңнамаға сәйкес, жұмысынан айырылған адам соңғы 24 айдағы табысына байланысты 6 айға дейін төлем ала алады. Оған айлығының 45 пайызы беріледі. Бұл екі қолға бір күрек іздеген адамды қолдауға бағытталған. Айта кетейік, қазанда 285 мың адам жұмыссыз деп танылған. Ал, қарашада бұл көрсеткіш 308 мыңға дейін артты.