Жыл басынан бері ел экономикасына 9,9 трлн теңге инвестиция тартылды

Жыл басынан бері ел экономикасына 9,9 трлн теңге инвестиция тартылды

Жыл басынан бері ел экономикасына 10 триллион теңгеге жуық инвестиция салынған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 16% көп. Бұған еліміздің халықаралық қаржы нарығындағы беделі артып келе жатқаны сеп болса керек. Өйткені S&P Global Ratings еліміздің несие рейтингін «тұрақтыдан» «оңға» көтерді. Ал бұл алдағы жылдары Қазақстан экономикасы жақсарады, елге қаржы құю тәуекелі төмен, кіріс әкелу мүмкіндігі жоғары дегенді білдіреді. Жалпы елімізге қаңтар-шілде аралығында тартылған инвестицияның 3,7 трлн теңгесі өнеркәсіпке, оның ішінде 1,6 трлн тау-кен өндіруге және 1,2 трлн өңдеу саласына бағытталған. Жылжымайтын мүлікке шамамен 1,9 трлн, көлік пен қоймаға 1,7 трлн, білім беру 733 млрд, энергетикаға 675 млрд, ал агросекторға 516 млрд теңге шамасында инвестиция салынды.