Зүлфия Чиншанло Олимпиаданың қола медалін иеленді

Зүлфия Чиншанло Олимпиаданың қола медалін иеленді

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Зілтемірші Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасының қола медаліне қол жеткізді. 55 килограмға дейінгі салмақта А тобында өнер көрсеткен спортшымыз жұлқи көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал серпуде ол бірден 213 келіні бағындырды. Қоссайыстың нәтижесінде 223 келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. Бұл топта филиппиндік Хидилин Диас чемпион атанды. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар.