Рио-де-Жанейрода «Мектептегі вакцина» акциясы басталды

Рио-де-Жанейрода «Мектептегі вакцина» акциясы басталды

Рио-де-Жанейрода «Мектептегі вакцина» акциясы басталды. Оның аясында 5 пен 11 жас аралығындағы оқушылар иммундалып жатыр. Бір күннің өзінде 100 мың жеткіншек вакцина алған. Бірақ бұл – жергілікті билік жоспарлағаннан 2 есе аз көрсеткіш. Саясаткерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлері ата-аналарды COVID-19-ға қарсы күресте вакцинаның маңыздылығы туралы хабардар етіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізуде.

Айта кетейік, Бразилия аурудан ең көп зардап шеккен елдердің қатарында. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері 600 мыңнан астам бразилиялық коронавирустан көз жұмған.

Люсинда Морено Фрейре, мектеп директоры:

- 1 күнде оқушылардың 47% вакцина салдырды. Мектепте қауіпсіз жағдай тудыру үшін бұл көрсеткішті 53% дейін арттыруды көздеп отырмыз.