127 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Өткен тәулікте тағы 914 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 127 096 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 661 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 142 986.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 17181
Алматы қаласы - 17124
Шымкент қаласы - 5439
Ақмола облысы - 6275
Ақтөбе облысы - 3585
Алматы облысы - 6264
Атырау облысы - 12146
Шығыс Қазақстан облысы - 17890
Жамбыл облысы - 4730
Батыс Қазақстан облысы - 8607
Қарағанды облысы - 11510
Қостанай облысы - 6469
Қызылорда облысы - 3325
Маңғыстау облысы - 3510
Павлодар облысы - 7805
Солтүстік Қазақстан облысы - 7579
Түркістан облысы – 3547
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 90 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 974, 466 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31 609 жетті.