2026 жылға дейін газды даму жоспары бекітілді

2026 жылға дейін газды даму жоспары бекітілді

Қазақстан Үкіметі еліміздің газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітті. Бұл туралы QazaqGaz хабарлайды. Құжат газ нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге, салаға инвестиция тартуға жағдай жасауға, тауарлық газ өндірісін ұлғайту үшін ресурстық базаны кеңейтуге, сондай-ақ тұтынушыларды үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ішкі нарықты дамыту үшін компания 2030 жылға қарай газдандыру деңгейін 65%-ке дейін ұлғайтып, шығынсыздыққа қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Тәуелсіз газ тарату ұйымдарының жеке инвестицияларын тарту арқылы Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасын іске асыру жұмыстары жалғаса береді»,- деп хабарлады Ұлттық компания.