30 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

30 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Елімізде инвестициялық жобалар аясында 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 10,2 трлн теңгенің ірі индустриялық жобалар портфелі жасақталған. Атап айтқанда, Жамбыл облысында күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар және индустриялық өнімдер өндіріледі. Зауыт келесі жылы іске қосылады. Түркістан облысында каустикалық сода, ПВХ және ілеспе материалдар, күкірт қышқылы шығарылады. Батыс Қазақстан облысында калий тұздары бойынша байыту-өндіру кешені жұмысын бастайды. Қарағанды облысында болат өнімдерінің жаңа түрлерін жасау жоспарланып отыр. Ал, Қостанай облысында ыстықтай брикеттелген темір өндіретін кәсіпорын ашылады. Сондай-ақ, Үкімет өңдеу, металлургия, химия және материалдар өндірісіне шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұндай ірі жобалар бойынша Жамбыл, Павлодар, Қостанай облыстары көш бастап тұр.