4 мың адамды алдаған қаржы пирамидасы
Шымкентте 4 мыңнан астам
адамды алдап, ақшасын жымқырған қаржы пирамидасы анықталды. Алаяқ компания
«Nazira Gold» деп аталған. Қазір оның қызметін Қаржылық мониторинг агенттігі
толық тоқтатқан және күдіктілер екі айға қамауға алынған. Қылмыстық схеманы жүзеге
асыру үшін олар өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компанияның
өкілі ретінде таныстырған. Сөйтіп салымшыларға ақшасының 20-40 пайызын ай
сайынғы табыс көзі ретінде қайтарып отыруға уәде берген. Түскен ақшаға 2 пәтер
мен 10 автокөлік сатып алып үлгерген. Күдіктілердің үйлерін тінту барысында 374
млн теңге қолма-қол ақша, құны 300 млн теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдары
тәркіленген.

