А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Бабалар аманаты» кітабының кезекті томы жарық көрді

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Бабалар аманаты» кітабының кезекті томы жарық көрді

Анкарада «Бабалар аманаты» кітабының 4-ші томының тұсаукесері өтті. Көркем еңбек пәні мұғалімдері мен кәсіби суретшілер жинағының кезекті  шығарылымы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған. Қазақстан елшілігінде өткен шарада қазақ педагогының өмірі мен еңбектері туралы айтылып, сирек кездесетін суреттері көрсетілді.   

Қанағат Кодеков, «Бабалар аманаты» жобасының авторы:

- «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі ретінде елімізде болып жатқан мәдени іс-шараларға және Қазақстанмен Түркия елі арасындағы достық қатынасты нығайтуға барысында осындай үлкен мәдени шаралар халықаралық бағытта ұйымдастырып отыр. Соған өзімнің кітабымның таныстырылымын елшілікте атап өттік.

Серкан Динчтүрк, кәсіпкер:

- Қазақ пен түрік бауырлас халық. Сондықтан, осындай шаралар бір- бірін жақындастырып, түсіністікті арттырады. Биыл да Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай осындай іс-шара өтуде.