Жаз басталмай жатып қауын пісті
Түркістан облысында жаз басталмай жатып, қауын пісті. Қазіргі таңда Жетісай
ауданында ерте көктемде егілген көкөніс дақылдарының алды жетіліп, егістік
алқаптарында терім жұмыстары басталып кетті. Әзірге диқандар 100 тоннадан астам
қауын жинап үлгерген. Оны Ресейге жібергелі жатыр. Ал, өзімізге екінші терімнен
сататын болады.

