Жезқазғанда «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Жезқазған қаласында алғашқы «Жас сақшы» сыныбы ашылды.
Осылайша шаһардағы 3-ші орта мектебінің 25 оқушысы «Жас сақшы» сыныбының
шәкірттері атанды. Полиция департаменті жүзеге асырған жоба мектептегі тәртіпті
бақылап, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді.
Жас сақшылар өз міндеттеріне қазірден кірісіп кетті. Арнайы форма киіп, сап түзеп, тәртіп сақшыларынан тәлім алады. Алғашқы
сабақта бағдаршам қызметімен танысып, жол ережелерін жаттады. Өз міндеттерін
адал орындауға, тәртіппен қауіпсіздікті сақтауға уәде беріп, ант қабылдады.

