Ә.Смайылов ШЫҰ Үкімет басшыларының отырысына қатысты

Ә.Смайылов ШЫҰ Үкімет басшыларының отырысына қатысты

Қазақстанның Премьер-Министрі Шаңхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттерді осыған шақырды. Әлихан Смайылов ұйымның үкімет басшылары кеңесінің онлайн түрде өткен кезекті отырысына қатысты. Бейнебайланыс арқылы ол ШЫҰ қызметін жетілдіріп, көп-жақты әріптестік аясын кеңейтудің маңыздылығын жеткізді. Бұл орайда сауда кедергілерін жою және техникалық регламенттерді жақындастыруға көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. Бұған негіз салатын алғы қадамдардың бірі – Самарқан саммитінде арнайы қабылданған аймақішілік сауданы дамыту жоспары. Бұл стратегиялық құжатты алдағы екі жылда жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұған қоса еліміздің үкімет басшысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының әлеуетіне тоқталды. Оның пікірінше, бұл бағытта селекция және тұқым шаруашылығына қатысты ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеудің маңызы зор болмақ. Әлихан Смайылов сөз соңында жалпы ШЫҰ-ның кеңістігінде экономикалық өсімнің қарқыны сақталып келетінін айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4-тен 9%-ке дейін ұлғайды, ал Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы 22%-ке өсіп, 51 миллиард доларды құрады. Ал үстіміздегі жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ШЫҰ елдерімен бұл көрсеткіш тағы 18%-ке артты. Өзара сауданы қосымша ынталандыру үшін ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің мандаты шеңберінде ұйымға мүше мемлекеттердің банктері мен даму институттарын сауда мәмілелері мен экспорттық операцияларды қаржыландыруға тарту маңызды.