Абайдың қара сөздерін елорданың қоғамдық орындарынан тыңдауға болады

Абайдың қара сөздерін елорданың қоғамдық орындарынан тыңдауға болады

Биыл Абайдың «Қара сөздерін», қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін, афоризмдер және өлеңдерден үзінділерді елорданың ірі сауда орталықтарынан, саябақтар мен базарлардан тыңдауға болады. Аталған аудиоақпаратты орналастыру үшін 9 миллион теңге қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы хабарлады.