АЭС салуды қолдайтындар көбейді

АЭС салуды қолдайтындар көбейді

Қазақстандықтардың 60 пайызы АЭС салуды қолдайды. Стратегиялық зерттеулер институт әлеуметтік сауалнама нәтижесін жариялады. Бұл тыңғылықты түсіндірме жұмыстарының нәтижесі дейді, олар. Бірақ жұрт жадына жетпей тұрған мәселелерде жоқ емес.

«Демократия институты» жүргізген сауалнамаға елдің 17 өңірінен 8000-нан аса тұрғын қатысқан. Арасында атом саласына қарсы тараптар да, әлі нақты шешім қабылдай алмай жүргендері де бар. Бұл елдің әлі де жасыл энергетиканы дұрыс түсінбеуінен дейді, мамандар. Үй-үйді аралап халық пікірін тыңдаған жандар әлі де қолдаушылар көбеюі мүмкін деген пікірде.