Ақ-бауыр шатқалында көне кен пештері табылды

Ақ-бауыр шатқалында көне кен пештері табылды

Шығыс Қазақстандағы Ақ-Бауыр шатқалынан біздің дәуірімізге дейінгі 7-6 ғасырларда салынған ерте қола дәуірінің ірі сәулет нысандары табылды. Археололгтар сақ тайпаларының көне металлургиясының құпиясын ашуға тырысып, кем дегенде оннан астам кен балқыту пешінің қалдықтарына тап болған. Бұл артефактілер аталмыш тайпалардың өмір салты туралы қалыптасқан ойды түбегейлі өзгертеді. Ғалымдардың айтуынша, сақтар металдарды балқытудың қыр-сырын осыдан үш мың жыл бұрын меңгерген.

Айдын Жүнісханов, археолог:

– Міне, кварц минералының өзі – осында өмір сүрген ежелгі көшпелілер одан қажет пайдалы қазбаларды алған. Одан алынған кен осындай пештерде байытылатын.

Мұнда табылған барлық үлгілер санмен белгіленеді, яғни олардың әрқайсысына арнайы штрих-код беріледі.

Әсия Қаражігітова, ұлттық музейдің ғылыми қызметкері:

– Бұл ескерткіштер ерте темір дәуіріне жатады. Қазір қолымдағы 40-ыншы сектордан табылған қыш ыдыстардың сынықтары. Ас үйде қолданған.

Соңғы алты жылда еліміздің мұражай қоры республиканың шығысынан табылған 26 мың жәдігермен толықты. Ал 2021 жылдың қыркүйегінде қазақстандық «Ұлы дала алтыны» топтамасы Ұлыбританияда өткен көрмеде жұртшылықты таңқалдырмай қоймады. Отандық зерттеушілерден алда басқа да археологиялық ашылулар болатынына кәміл сенеміз.