Ақмола облысы: Егіннің 70 пайызы орылды
Ақмолалық диқандар астықтың 70 пайыздан астамын орып
үлгерді. Биыл бидайдың түсімі жақсы. Кейбір шаруашылықтар, тіпті, гектарынан
45-50 центнерден өнім алып жатыр. Диқандар әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып
қалуға тырысуда.
Ақмолалық диқандар 4 миллион тонна астықты қамбаға құйып
үлгерді. Биыл ылғал жоғары, сондықтан түсім мол. Ала таңнан алқапқа шыққан
шаруалар қас қарайғанға дейін егіс басында жүр.

