Ақмола облысында диқандарға қолдау көрсетіледі

Ақмола облысында диқандарға қолдау көрсетіледі

Ақмола өңірі орақ науқанына дайындықты бастап кетті. Өңір әкімі Марат Ахметжанов егістікті аралап, Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандарының диқандарымен кездесті. Биыл егін бітік шыққан. Бұл - мол, әрі сапалы өнім беретін өңірлер. Жалпы алқап ауданы - бір жарым миллион гектар. Жүздесуде биылғы жоспарлар, тәуекелдер талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау тетіктері де түсіндірілді.


Диқандар күзде мол өнім жинауға ниетті. Болжам жақсы. Биыл өңірде 5,4 миллион гектарға дән себілген. Көбісі дәнді және майлы дақылдар мен мал азығы. Биыл «Кең дала-2» бағдарламасы іске қосылады. Яғни, диқандарды қаржылай қолдау үшін оларға 5 процентпен жеңілдетілген несие берілмек.