Ақордаға экскурсия: Шайдоровтың орындалған тағы бір арманы
Чемпионды Ақорда қарсы алды. Бүгін Президент Михаил Шайдоровты қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Төртжылдық басты жарыста көк туымызды көкке көтергені үшін алғыс айтып, Михаилды Қазақстанның «Алтын асығы» ретінде бағалады. Оның жеңісі тек жеке жетістік емес, бүкіл елдің мерейін өсірген тарихи оқиға. Сондай-ақ, чемпионның Ақордаға экскурсия жасасам деген арманы да орындалды.

