АҚШ-та сырттан келген жолаушылар үшін ПТР тест тапсыру міндеті алынып тасталды
АҚШ-та сырттан келген жолаушылар үшін ПТР тест тапсыру міндеті алынып тасталды. Сондай-ақ, коронавирус дертінен айығып шыққанын дәлелдейтін анықтама да талап етілмейді. Шектеу шараларын жеңілдетуге әлемде эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы себеп болды. Бұл туралы Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы хабарлады. Жергілікті билік жағдай қайта ушығатын болса, талаптардың қатаңдатылатынын ескертеді. Десе де мамандар туристерге сапарға шығар алдында жіті тексерілуге кеңес береді. Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбритания, Канада және Түркия елдері ПТР тест талап етуді тоқтатқан.