Алакөлді дамытуға 10 млрд теңге бөлінді

Алакөлді дамытуға 10 млрд теңге бөлінді

Биыл Алакөл жағалауын дамытуға 10 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жағалауды жөндеуге, инфрақұрылымды жаңартуға, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізуге жұмсалмақ. Мысалы, бейнебақылау жүйелері орнатылып, тұрақты интернетпен қамтамасыз етіледі. Туристік аумақ та кеңейеді. Ол қазіргі 300 гектардан 3 мың гектарға дейін ұлғайып, тәулігіне 75 мың адамды қабылдай алады. Сонымен қатар, Семей қаласында әкімшілік-іскерлік орталық салынады. Алдағы 3 жылда 75 мың адамға арналған тұрғын үйлер, 17 мектеп пен балабақшаны қоса алғанда, 40-тан астам әлеуметтік және әкімшілік нысан бой көтермек. Облыс әкімі Берік Уәли осы уақыт аралығында туризмді дамытуға арналған 49 жоба жүзеге асырылатынын айтты. Премьер-министр жобаларды сапалы жүзеге асыруды және қала құрылысын дұрыс жоспарлауды тапсырды. Әйтпесе, былтыр су жағасындағы туристік орталықтардың жай-күйі қатты сынға алынған еді.